Алматының орталығында +40 градус аптапта электр жарығы өшіп қалды

Фото: unsplash
18 шілде күні Алматының Алмалы ауданындағы бірқатар тұрғын үйде электр жарығы сөнді. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдіктің мәліметінше, технологиялық ақауға байланысты Мұратбаев, Байтұрсынов, Қашғар және Сейфуллин даңғылының аралығындағы аумақта электрмен жабдықтау уақытша тоқтаған.

Оқиға орнында "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-ның авариялық-қалпына келтіру бригадасы жұмыс істеп жатыр. Мамандар ақаудың себебін анықтап, оны жою жұмыстарын жүргізуде.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, электрмен жабдықтау шамамен 30 минут ішінде толық қалпына келтіріледі.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда