Қазақстандықтарға құрылыс қалдықтарын қайда тастауға болмайтындығы ескертілді

Фото: Zakon.kz
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті қазақстандықтарға құрылыс қалдықтарын кәдімгі контейнерлерге тастауға болмайтындығын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство нақтылап өткендей, кірпіш, бетон, гипс, плиткалар, гипсокартон, терезе жақтаулары, есіктер және жөндеу кезінде пайда болатын басқа да қалдықтар коммуналдық қалдықтар болып саналмайды және тұрғын үйлердің жанындағы кәдімгі контейнерлерге тастауға арналмаған.

Мамандардың айтуынша, бұл құрылыс қалдықтары ауыр және көлемді, ол контейнер алаңдарын тез толтырып, тұрмыстық қалдықтарды шығаруды қиындатады.

Атап өтілгендей, контейнерлер мен қоқыс таситын көліктер бұл қалдықтарды өңдеуге арналмаған. Ведомство өкілдері аталмыш қалдықтар контейнерлердің сынуына, мамандандырылған жабдықтың зақымдалуына және қосымша жөндеу шығындарына әкелетіндігін де жеткізді.

Министрлік мәселенің шығу жолы ретінде ұсынды: құрылыс қалдықтарын шығаруға арналған мамандандырылған компаниямен келісімшарт жасау немесе осы қызметті ұсынатын компанияны пайдалану.

Сурет: gov.kz

Бұған дейін Астанада тұрғындарды камералар арқылы "аңду" мүмкіндігіне қатысты түсініктеме берілгенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті