Астанада құрылыс нысанынан топырақ ұрламақ болған төрт жүргізуші құрықталды

Сурет: polisia.kz
Астана қаласының полиция қызметкерлері құрылыс нысанынан топырақты заңсыз әкетуге әрекет жасаған төрт арнайы техниканың жүргізушілерін ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, түскі уақытта күдіктілер құрылыс алаңына заңсыз кіріп, арнайы техникалардың көмегімен топырақты тиеп, алып кетпек болған.

Алайда олардың әрекеті полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде дер кезінде әшкереленіп, төрт жүк көлігі қылмыс орнында ұсталды.

Тексеру барысында арнайы техникаларды 36, 37, 41 және 60 жастағы азаматтар басқарғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің арнайы техникалары айып тұрағына қойылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Автобустың есігін өзі жөндеп алып, жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған қазақстандық ұсталды

Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады

Темірлан Анарбековтың сейві "Қайратты" Чемпиондар лигасы іріктеуінің үшінші кезеңіне шығарды

Жамбыл облысында Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының қатысуымен жаңа өндіріс іске қосылды