Кәсіпкерлер салықтар мен әлеуметтік төлемдерді бір батырмамен есептей алады

Фото: freepik
Қаржы министрлігі еңбекақы төлеу қорына қатысты міндеттемелерді автоматты түрде есептеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдеріне өзгерістер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пилоттық жоба аясында еңбекақы төлеу қорына қатысты міндеттемелерді автоматты түрде айқындауға арналған "Бір батырмамен есептеу" цифрлық сервисін пайдалану көзделген.

Сервис қызметкерлердің табысы бойынша салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеуге, сондай-ақ төлем құжаттарын қалыптастырып, екінші деңгейлі банктерге жіберуге мүмкіндік береді.

Жобаның қабылдануы салықтық әкімшілендіруді цифрландыруға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға және салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге ықпал етеді деп күтілуде.

Құжат "Ашық НҚА" порталында 14 тамызға дейін қоғамдық талқылауға орналастырылды.

Қазақстан
Халық бухгалтері
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады