Үрлемелі шеңбермен суға түскен қызды жағадан 200 метр қашықтыққа ағыс алып кеткен

Сурет: видео скрині
Маңғыстау облысында құтқарушылар теңізде үрлемелі шеңбермен жағадан алыстап кеткен қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Жаңаөзен қаласынан 71 шақырым жерде орналасқан "Кендірлі" демалыс аймағында жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 2004 жылы туған қызға көмек көрсетті.

Демалып жүрген кезде оны үрлемелі жүзу шеңберімен теңіз ағысы жағадан шамамен 200 метр қашықтыққа алып кеткен. Оқиға туралы хабар түскен бойда құтқарушылар дереу оқиға орнына жетіп, қызды тауып, аман-есен жағаға жеткізді.

Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ өкілдері желді ауа райында ашық су айдындарында үрлемелі шеңберлер мен матрастарды пайдаланудың аса қауіпті екенін ескертті.

"Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, өз өміріңізді қауіпке тікпеңіздер", — делінген министрлік хабарламасында.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін