Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеу мерзімін еске салды

Фото: freepik
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті екінші тоқсан және бірінші жартыжылдық бойынша салықтарды уақытында төлеу қажеттігін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, 2026 жылдың екінші тоқсаны мен бірінші жартыжылдығы бойынша салық есептілігін 15 тамызға дейін тапсырып, есептелген салықтарды заңнамада белгіленген мерзімде төлеу қажет.

Не істеу керек:

Комитет өкілдері биыл 15 тамыз сенбіге сәйкес келетіндіктен, салық есептілігін тапсыру және жекелеген салықтарды төлеудің соңғы мерзімі 17 тамыз, дүйсенбіге ауыстырылатынын атап өтті.

Бұл ескерту салық төлеушілерге белгіленген мерзімді өткізіп алмауға, өсімпұл есептелуіне және заңнамада көзделген өзге де шаралардың қолданылуына жол бермеуге көмектеседі.

Салықты уақытылы төлеу – әр азаматтың ел дамуына қосқан үлесі. Салық түсімдері есебінен мектептер мен ауруханалар қаржыландырылып, жолдар салынып, жөнделеді. Сондай-ақ азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары мен басқа да маңызды мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Халық бухгалтері
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді