Субсидия сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға экономикалық ынталандыру ретінде күрделі шығындарды өтеуге беріледі. Оған құрылыс-монтаждау жұмыстары, жабдықтар мен материалдарды сатып алу шығындары кіреді.
Қағидаларға сәйкес, мерзімі өткен несие берешегі бойынша есептелген және төленген сыйақыны өтеуге, жарғылық капиталға қатысуға, сондай-ақ субсидия алушының шаруашылық қызметіндегі залалдарын жабуға субсидия берілмейді.
Субсидия инвестициялық жобаларды қаржы институттарымен бірлесіп қаржыландыру шартымен беріледі.
Субсидия мөлшері инвестициялық жобаның жалпы құны мен қаржы институты беретін несие сомасының айырмасы ретінде айқындалады. Бұл ретте субсидия көлемі қаржы институты беретін несие сомасынан аспауға тиіс.
Субсидия тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде бөлінеді.
Субсидия алушы бөлінген қаражатты тек инвестициялық жоба мен үшжақты шартта белгіленген мақсаттарға пайдалануға міндетті.
Субсидия мынадай талаптар сақталған жағдайда беріледі:
- инвестициялық жобаның және онда көзделген іс-шаралардың экономикалық әрі әлеуметтік тиімділігі;
- қаржы институтынан алынған қарыз есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы;
- есептеулермен және тиісті құжаттармен расталған субсидияның экономикалық негіздемесі;
- сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, қайта жаңғырту және жаңғырту кезінде энергия тиімділігі мен ресурстарды үнемдеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
- технологияларды, материалдар мен жабдықтарды қамтитын бірыңғай техникалық саясатты қолдану;
- сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, қайта жаңғыртуға және жаңғыртуға отандық тауар өндірушілерді тарту.
Субсидия мынадай құжаттар мен талаптар негізінде беріледі:
- инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі немесе жобалау-сметалық құжаттамасы;
- жобалау-сметалық құжаттамаға берілген жобалардың кешенді ведомстводан тыс сараптамасының оң қорытындысы;
- субсидия алушының үшжақты шарт талаптарын сақтауы;
- инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуын талдау нәтижелері бойынша табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органның қорытындысы.
Үшжақты шартта мынадай бөлімдер қамтылады:
- субсидия берудің мақсаты;
- субсидия мөлшері;
- валюта;
- игеру кезеңі – субсидия алушының қаражатты белгіленген мақсаттарға сәйкес іс-шараларды жүзеге асыруға пайдаланатын мерзімі;
- төлем жасау мерзімдері;
- міндеттемелер орындалмаған жағдайда қолданылатын санкциялар.
Субсидия алуға арналған өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
- субсидия алушының бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қойған ресми бланкідегі ілеспе хаты;
- инвестициялық жоба және несие мөлшерінің негіздемесі бойынша қаржы институтының ілеспе хаты;
- жоба паспорты;
- жобалардың кешенді ведомстводан тыс сараптамасының оң қорытындысы бар техникалық-экономикалық негіздеме және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама;
- сумен жабдықтау және су бұру схемасы және (немесе) осы салаларға инвестиция салу негіздемесі;
- қолданыстағы тариф пен тарифтік сметаны, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын бекіту туралы бұйрықтардың көшірмелері;
- соңғы үш жылдағы инвестициялық бағдарламалар мен тарифтік сметалардың орындалуы туралы есептер;
- қаржы институты мен субсидия алушы арасында жасалған несие шартының көшірмесі;
- қаржылай көмектің алынғанын растайтын толық жазба;
- салалық сараптаманың қорытындысы;
- бюджеттік инвестициялық жобаға берілген экономикалық қорытынды;
- инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағы.
Субсидия алушы инвестициялық жобаның іске асырылу барысы туралы есепті электронды және қағаз түрінде мынадай мерзімдерде ұсынады:
- есепті тоқсан үшін – есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей;
- есепті жыл үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей.
Бұйрық 16 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.