Алматының Түрксіб ауданында демалыс күнгі жәрмеңке ашылады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Осы демалыс күндері Алматының Түрксіб ауданында Рысқұлов даңғылы мен Айтықов көшесінің қиылысында жаңа демалыс күнгі жәрмеңке ашылады.

Жәрмеңкеде Алматы облысы Райымбек ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өз өнімін ұсынады. Фермерлік шаруашылықтардың тікелей қатысуы тұрғындарды делдалсыз, қолжетімді бағамен сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Келушілер сиыр, жылқы және қой етін, сондай-ақ картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қияр, қызанақ пен алманы қоса алғанда көкөніс пен жеміс-жидекті сатып ала алады. Сонымен қатар жәрмеңкеде сүт өнімдері, бакалея тауарлары, жұмыртқа, шұжық өнімдері, бал, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, кептірілген жемістер мен үй жағдайында дайындалған нан-тоқаш өнімдері ұсынылады.

Жәрмеңкенің ашылуы Алматының барлық ауданында демалыс күнгі жәрмеңкелер желісін кезең-кезеңімен кеңейту аясында жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта мұндай жәрмеңкелер Әуезов, Алмалы, Медеу, Бостандық және Жетісу аудандарында жұмыс істейді. Ұйымдастырушы әрі әкімшісі – "Алматы" ӘКК.

Сонымен қатар "Алматы" ӘКК демалыс күнгі жәрмеңкелерді кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі уақытта жұмыс Бостандық ауданындағы Қазақфильм шағынауданында жүргізілуде. Жаңартылған жәрмеңкенің ресми ашылуы биылғы тамыз айына жоспарланған. Сондай-ақ жаңғырту жұмыстары Әуезов ауданында да жалғасуда. Осыған байланысты Әуезов ауданындағы жәрмеңке уақытша Рысқұлбеков көшесі, 33/2 мекенжайына көшірілді.

Жаңғырту жұмыстары сауда алаңдарын кешенді жаңартуды көздейді. Оның аясында іргелес аумақ көркейтіліп, санитарлық инфрақұрылым жаңғыртылады, сауда конструкциялары ауыстырылып, инженерлік желілер тартылады. Кәсіпкерлер мен келушілер үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ нысандарды қолданыстағы заңнама талабы мен Алматы қаласының дизайн-кодына сәйкестендіруге ерекше назар аударылады.

Демалыс күнгі жәрмеңке әр сенбі және жексенбі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаштың орындауындағы түрікше ән бірнеше елдің чарттарын бағындыруда

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Сақтандыру қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Екі баланың анасын бұрынғы күйеуі соққыға жығып өлтірген