Абайды ардақтау – ұлтты ұлықтау: Алматы облысында Абай күні аталып өтті

Сурет: Алматы облысының әкімдігі
Қонаев қаласында ұлы ойшыл, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының рухына тағзым етіліп, ескерткішіне гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рәсімге Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов, ақын-жазушылар, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Биыл Абайдың 180 жылдығына орай Алматы облысында 300-ден астам мәдени-ағартушылық іс-шара жоспарланып, оның 47-сі облыстық және аудандық деңгейде ұйымдастырылды.

Сурет: Алматы облысының әкімдігі

Абай күнін атап өту аясында Қонаев қаласынан бастап Қарасай, Іле, Талғар, Кеген және өзге де аудандарда әдеби кештер, көрмелер, Абай оқулары, дәрістер, фильм көрсетілімдері мен шығармашылық кездесулер өтті. Мемлекеттік архивтегі "Абай әлемі" дөңгелек үстелі, облыстық кітапханадағы "Сөз бен саздың сүлейі – Абай" кеші, Кегендегі "Абай әндері" фильмінің көрсетілімі, Қарасайдағы "Абай мұрасы – мәңгілік қазына" шарасы, Жаңалық ауылындағы Ақылбайға арналған көрме – соның бір бөлігі.

Сурет: Алматы облысының әкімдігі

Іле, Талғар аудандарында да ақын мұрасын дәріптеген әдеби-танымдық шаралар ұйымдастырылды. Осы жұмыстардың барлығы Абайды еске алумен ғана шектелмей, оның білімге, еңбекке, адамгершілікке үндеген ойларын жас ұрпаққа жеткізуге бағытталды.

Сурет: Алматы облысының әкімдігі

Абай мұрасы – уақыт өткен сайын мәні арта түсетін рухани қазына. Сондықтан оны ұлықтау – бір күндік шара емес, ұлттың рухани сабақтастығын жалғастыратын ортақ міндет. Абайды оқу – өзіңді тану. Абайды ардақтау – ұлтты ұлықтау.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

9 тамыздағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Атыраулық ит Лакидің Америкадағы өмірі туралы не білеміз

Отандық өндірісті қолдау: Президент тапсырмаларының орындалу барысы

Мемлекеттік білім беру гранты иегерлеренің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды