43 градус ыстық, найзағай, бұршақ: 12 тамызда күн райы қандай болады

Фото: Zakon.kz
Алдағы сәрсенбіде Қазақстанның бірқатар өңірінде +43°С-қа дейін жететін аномальды ыстық болады. Сонымен қатар кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, бұршақ пен қатты жел соғады.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандарының 2026 жылғы 12 тамызға арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары болжамында айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, күндізгі аптап ыстық бірден 13 өңірді қамтиды.

Қатты ыстық:

Өте қатты ыстық:

"Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайды. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарында бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл, ал елдің солтүстігі мен оңтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары болады.

Жоғары өрт қаупі:

Қостанай облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының батысында, шығысында және орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында және орталығында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстігі мен шығысында, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында, Маңғыстау облысының батысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-шығысы мен орталығында, Павлодар облысының орталығы мен оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен оңтүстігінде.

Төтенше өрт қаупі:

Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Ұлытау облысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысы мен орталығында, Қостанай облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Ақмола облысының батысында, Қарағанды облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының батысы мен солтүстігінде, Жетісу облысының батысы, шығысы және орталығында күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова мерейтойын атап өтті: әншіге желіде күтпеген сұрақ қойылды

Отандық өндірісті қолдау: Президент тапсырмаларының орындалу барысы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Мөлдір Әуелбекова жеті жастағы ұлының арманын орындады