Ақын Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында дүниеден озды

Сурет: Қазақстан жазушылар одағы
Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабарды Қазақстан жазушылар одағы естіртті.

Әшiрбаев Бекжан Төребекұлы 1974 жылы Оңтүстiк Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, "Ленин жолы" ұжымшарында дүниеге келген.

1996 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетiнiң журналистика факультетiн үздiк бiтiрген. Сол жылдан берi аталмыш бiлiм ордасында қызмет атқарып келді. Журналистика саласында елеулі еңбек етті.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесi. Республикалық "Қазақ әдебиетi", "Жұлдыз", Жас қазақ үнi", "Azamat.kz", "Парасат" басылымдарында топтама өлеңдерi жарияланды. 2008 жылы "Жазушы" баспасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша жарық көрген "Қоңыр әуен" өлеңдер кітабының және өзге де жыр жинақтарының авторы.

Zakon.kz ұжымы марқұмның туған-туысқандары мен жақындарына, қалың оқырман қауымға қайғырып көңіл айтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Жасырын зауыт пен жеке теміржол тұйығы: Ұлытау облысында марганец кені заңсыз экспортталған

Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады

Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды