AlmatyJoly Telegram арнасындағы мәлімет бойынша, 20 тамыз сағат 08:00-ден 26 тамыз сағат 08:00-ге дейін Достық даңғылынан басталып, тұйыққа тірелетін Құрмет көшесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады.
Сурет: Telegram/AlmatyJoly
Жөндеу жүргізіліп жатқан учаскеде ескерту белгілері және мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылады. Сондықтан жол қызметі тұрғындардан маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды, – делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, 20 тамыздан бастап Алматыдағы Мұратбаев көшесінің бір бөлігінде бірнеше күнге көлік қозғалысы шектелді. Сондай-ақ, Жандосов көшесінде де қозғалысқа шектеулер енгізілді.