"Заң мен тәртіп": полицейлер Жамбыл облысының тұрғындарымен көшпелі кездесулер өткізуді жалғастыруда

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысында "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында полиция қызметкерлері тұрғындармен көшпелі профилактикалық кездесулер өткізуді жалғастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Жамбыл облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Мұндай кездесулердің басты мақсаты – полиция көмегін халыққа барынша қолжетімді ету, азаматтардың өтініштерін жедел қарау және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тұрғындарды қабылдау тікелей тұрғылықты жерлерде – көпқабатты үйлердің аулалары мен қоғамдық орындарда ұйымдастырылуда. Кездесулерге полицияның негізгі қызмет бағыттарының өкілдері қатысып, азаматтарға өз саласы бойынша кеңес береді.

Кездесуге келген әрбір тұрғын өзін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық кеңес пен нақты мәселесі бойынша көмекке жүгіне алады. Жалпы кездесуге 100-ден астам тұрғын қатысты.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Азаматтар көтерген мәселелер әртүрлі. Атап айтқанда, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатысты сұрақтардан бастап, нақты құқықтық мәселелерге дейін қамтылды. Әрбір өтініш бойынша полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қажетті ұсынымдар берді. Қажет болған жағдайда мәселені қарастырудың одан арғы тәртібі айқындалды.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бірқатар мәселе қабылдау барысында бірден шешімін тапты. Қосымша тексеруді немесе басқа қызметтердің қатысуын қажет ететін өтініштер бақылауға алынды.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Мұндай кездесулер полицияның халықпен тығыз байланыс орнатып, жергілікті жерлердегі мәселелерді дер кезінде анықтап, оларға жедел ден қоюына мүмкіндік береді. Тұрғындармен ашық диалог орнату – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және өңірде "Заң мен тәртіп" қағидатын нығайту бағытындағы маңызды жұмыстың бірі.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін