Астана, Алматы және Шымкентте демалыс күндері ауа райы қандай болады

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алдағы демалыс күндері мен дүйсенбіде, яғни 22, 23 және 24 тамызда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы құбылмалы болады. Кей күндері жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ұсынған жаңартылған болжамда айтылған.

Астанадағы ауа райы

22 тамыз: Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде желдің жылдамдығы 2-7, күндіз 5-10 м/с болады. Түнде ауа температурасы +9+11°С, күндіз +24+26°С.

23 тамыз: Ауа райы құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде +13+15°С, күндіз +19+21°С.

24 тамыз: Ауа райы құбылмалы бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, жел күшеюі ықтимал. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Түнде +10+12°С, күндіз +22+24°С.

Алматыдағы ауа райы

22 тамыз: Ауа райы құбылмалы бұлтты. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні 11 м/с-қа жетеді. Түнде ауа температурасы +18+20°С, күндіз +28+30°С.

23 тамыз: Ауа райы құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан жел кейін батыс желіне ауысады, жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде +19+21°С, күндіз +28+30°С.

24 тамыз: Ауа райы құбылмалы бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, жылдамдығы 3-8, кей уақыттарда екпіні 15 м/с-қа жетеді. Түнде +18+20°С, күндіз +28+30°С.

Шымкенттегі ауа райы

22 тамыз: Ауа райы құбылмалы бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Түнде ауа температурасы +19+21°С, күндіз +32+34°С.

23 тамыз: Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде +18+20°С, күндіз +31+33°С.

24 тамыз: Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы +20+22°С, күндіз +32+34°С.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Құрылтай депутаттарын сайлау: шетелдегі учаскелер қалай жұмыс істейді

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

Қазақстандықтар eGov.kz және мемлекеттік сайттардың жұмысындағы ақауларға шағымданды

31 мың көрермен және 50 елден келген жанкүйерлер: Алматы Канье Уэстің концертінен қанша табыс тапты