Саясат Нұрбек магистратура грантынан үміттілерге маңызды ақпарат айтты

Фото: magnific
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек магистратураға түсушілерге 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының нәтижелері қашан жарияланатынын айтты.

Министрдің мәліметінше, магистратураның мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссияның отырысы өтті. Комиссия құрамында министрлік, мемлекеттік органдар, білім саласы кәсіподақтары, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және қоғамдық ұйымдардың өкілдері жұмыс істеген.

Отырыс барысында үміткерлердің өтініштері қаралып, гранттар қолданыстағы қағидаларға сәйкес конкурстық негізде бөлінген.

Биыл магистратура гранттарының конкурсына қатысу үшін 23 мыңға жуық өтініш қабылданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға көп. Үміткерлер арасында "Педагогикалық ғылымдар", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", сондай-ақ "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" білім беру бағыттарына сұраныс жоғары болған.

Конкурстық іріктеу нәтижелері 24 тамыз күні сағат 15:00-де министрдің және Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады.

Сондай-ақ Саясат Нұрбек болашақ магистранттарды жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау 28 тамызға дейін қоса алғанда жүргізілетінін еске салды.

Министр магистратураға түсушілерге сәттілік тілеп, жаңа оқу жылының академиялық және кәсіби мүмкіндіктерге жол ашуына тілектестік білдірді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін