Цукуба университетінде "Мемлекеттік саясат" мамандығы бойынша білім алып жүрген Әлішер бұл образы арқылы қазақ халқының тарихи дәстүрі мен Қазақстанның жас буынының заманауи ұмтылысын сабақтастырды. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Әлішердің айтуынша, Құрылтай – тарихта ел тағдырына қатысты аса маңызды шешімдер қабылданған ұлттық жиын.
"Менің ойымша, жаңадан құрылған Құрылтай осы тарихи дәстүрді заманауи саяси институт ретінде жалғастырып, халықпен бірлесе отырып, мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге қызмет етеді", – деді ол.
Айта кетейік, Кореядағы Қазақстан азаматтары Құрылтай депутаттарын сайлауда өздерінің конституциялық дауыс беру құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланды.