Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы: шетелде дауыс беру қалай өтіп жатыр

Референдум, выборы, избирательный бюллетень, бюллетень, бюллетени, избирательная урна, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 08:31 Фото: Zakon.kz
Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов 2026 жылғы 23 тамызда Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте шетелдегі сайлау учаскелерінде дауыс беру барысы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Арман Исетовтің мәліметінше, шетелде жүрген қазақстандықтардың Құрылтай депутаттарын сайлаудағы конституциялық құқықтарын жүзеге асыруы үшін Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанынан 61 мемлекетте 79 сайлау учаскесі құрылған. Бұл учаскелердегі сайлаушылардың жалпы саны – 11 402 адам.

"Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша шетелде 26 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Алғаш болып Токио мен Сеулдегі азаматтарымыз дауыс беруге кірісті. Қазіргі уақытта шетелдегі сайлау учаскелерінде дауыс берген Қазақстан азаматтарының саны 228 адамға жетті", – деді вице-министр.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Мұхтар Ерман Қазақстандағы сайлау учаскелерінде дауыс беру басталғанын хабарлаған болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа бір палаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауын тарихи оқиға деп атады.

Ал Құрылтай сайлауында алғаш болып дауыс берген Қазақстан азаматы – Сеулдегі Корея университетінің студенті Ажар Кәрімжанова.

Айта кетейік, шетелдегі барлық сайлау учаскесі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері аумағында ұйымдастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: