Құрылтай депутаттарының тарихи сайлауы: ОСК сайлаушылардың алғашқы келу көрсеткішін жариялады

Референдум, выборы, избирательный бюллетень, бюллетень, бюллетени, избирательная урна, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 10:47 Фото: Zakon.kz
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Азамат Айманақұмов 2026 жылғы 23 тамызда ОСК-да өткен брифингте осы уақытқа дейінгі сайлаушылардың дауыс беруге келу көрсеткішін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Азамат Айманақұмов сайлау учаскелерінің басым бөлігінде дауыс беру сағат 07:00-де басталғанын еске салды.

"Қазақстанда барлығы 12 605 788 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Осы уақытқа дейін 2 264 411 адам дауыс берді. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 17,96%-ын құрайды", – деді ОСК мүшесі.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес, өңірлердегі сайлаушылардың дауыс беруге келу көрсеткіші мынадай:

  • Абай облысы – 17,35%;
  • Ақмола облысы – 18,91%;
  • Ақтөбе облысы – 20,28%;
  • Алматы облысы – 17,19%;
  • Атырау облысы – 18,75%;
  • Батыс Қазақстан облысы – 17,97%;
  • Жамбыл облысы – 18,25%;
  • Жетісу облысы – 20,87%;
  • Қарағанды облысы – 21,06%;
  • Қостанай облысы – 17,92%;
  • Қызылорда облысы – 22,91%;
  • Маңғыстау облысы – 16,92%;
  • Павлодар облысы – 15,98%;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 17,52%;
  • Түркістан облысы – 20,39%;
  • Ұлытау облысы – 19,41%;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 19,93%;
  • Астана – 17,01%;
  • Алматы – 9,96%;
  • Шымкент – 20,39%.
Құрылтай депутаттарының тарихи сайлауы: ОСК сайлаушылардың алғашқы келу көрсеткішін жариялады, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 10:47

Сурет: Telegram/electionelection

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Мұхтар Ерман Қазақстандағы сайлау учаскелерінде дауыс беру басталғанын хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: