Құрылтай депутаттарын сайлау: 8 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Референдум, выборы, избирательный бюллетень, бюллетень, бюллетени, избирательная урна, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 16:18 Фото: Zakon.kz
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова 2026 жылғы 23 тамызда ОСК-да өткен брифингте Құрылтай депутаттарын сайлаудағы сайлаушылардың осы уақытқа дейінгі келу көрсеткішін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Әсел Жанәбілова сайлаушылар тізіміне 12 605 788 азамат енгізілгенін еске салды. Қазіргі уақытта олардың басым бөлігі өз таңдауын жасап үлгерді.

"Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша 8 240 336 адам бюллетень алды. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың жалпы санының 65,37%-ын құрайды", – деді ол.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес, өңірлердегі сайлаушылардың дауыс беруге келу көрсеткіші мынадай:

  • Абай облысы – 71,18%;
  • Ақмола облысы – 73,69%;
  • Ақтөбе облысы – 75,63%;
  • Алматы облысы – 67,23%;
  • Атырау облысы – 63,37%;
  • Батыс Қазақстан облысы – 61,81%;
  • Жамбыл облысы – 69,11%;
  • Жетісу облысы – 77,03%;
  • Қарағанды облысы – 70,91%;
  • Қостанай облысы – 70,09%;
  • Қызылорда облысы – 81,38%;
  • Маңғыстау облысы – 65,86%;
  • Павлодар облысы – 67,06%;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 63,94%;
  • Түркістан облысы – 76,73%;
  • Ұлытау облысы – 64,29%;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 79,33%;
  • Астана – 46,38%;
  • Алматы – 36,65%;
  • Шымкент – 67,92%.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлауда дауыс бергені хабарланған болатын. Президент бұл күнді еліміз үшін тарихи күн деп атады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: