Құрылтай депутаттарының сайлауында 4,6 млн-нан астам қазақстандық дауыс берді
Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ляззат Сүйіндік 23 тамызда ОСК-да өткен брифинг барысында Құрылтай депутаттарының сайлауына осы уақытқа дейін қанша адам қатысқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ләззат Сүйіндік Қазақстан бойынша дауыс беру құқығына ие азаматтардың жалпы саны 12 605 788 адам екенін еске салды.
"Осы уақытқа дейін 4 670 816 адам дауыс берді. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 37,05 пайызын құрайды", – деді ОСК мүшесі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен елорда аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес, өңірлердегі сайлаушылардың келу көрсеткіші төмендегідей:
- Абай облысы – 38,51%;
- Ақмола облысы – 39,57%;
- Ақтөбе облысы – 42,53%;
- Алматы облысы – 39,05%;
- Атырау облысы – 35,84%;
- Батыс Қазақстан облысы – 35,49%;
- Жамбыл облысы – 35,54%;
- Жетісу облысы – 47,29%;
- Қарағанды облысы – 40,56%;
- Қостанай облысы – 34,72%;
- Қызылорда облысы – 47,59%;
- Маңғыстау облысы – 34,68%;
- Павлодар облысы – 35,74%;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 38,13%;
- Түркістан облысы – 43,14%;
- Ұлытау облысы – 34,93%;
- Шығыс Қазақстан облысы – 41,89%;
- Астана – 35,28%;
- Алматы – 17,87%;
- Шымкент – 41,06%.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript