Құрылтай депутаттарын сайлау: дауыс беру қорытындысы жарияланды

Референдум, выборы, избирательный бюллетень, бюллетень, бюллетени, избирательная урна, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2026 13:13 Фото: Zakon.kz
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 2026 жылғы 25 тамызда өткен брифингте 23 тамызда болған Құрылтай депутаттарын сайлаудағы дауыс беру қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
"Бүгін аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтер негізінде дауыс берудің түпкілікті қорытындысын жариялай аламыз. Қазақстанда барлығы 12 623 289 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Дауыс беруге 9 351 539-дан астам адам қатысты. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 74,08%-ын құрайды", – деді ОСК төрағасы.

Оның айтуынша, референдуммен салыстырғанда бұл жолғы дауыс беруге 224 357 адам артық қатысқан.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 2026 жылғы 25 тамызда өткен брифингте 23 тамызда болған Құрылтай депутаттарын сайлаудағы дауыс беру қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі., сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2026 13:13

Сурет: ОСК

Бес пайыздық межеден бес партия өтті:

  • "Әділет" – 71,17%;
  • "Ауыл" – 6,26%;
  • Respublica – 5,56%;
  • "Ақ жол" – 5,21%;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,11%.
  • "Барлығына қарсы" нұсқасына сайлаушылардың 2,51%-ы дауыс берген.
"Нәтижесінде бес партия мандаттарды бөлу рәсіміне қатысады. Қажетті дауыс санын жинай алмаған екі партия өтпейді", – деді ОСК төрағасы.

Сайлау қорытындысы бойынша партиялар арасында мандаттар былай бөлінді:

  • "Әділет" – 110 мандат;
  • "Ауыл" – 10 мандат;
  • Respublica – 9 мандат;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 8 мандат;
  • "Ақ жол" – 8 мандат.

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызда өтті. Сол күні Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифингте Құрылтайдың сайлануына зор үміт артатынын және оның Қазақстанның дамуына тың серпін беретініне сенетінін айтты. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет құрамында өзгерістер болатынын мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: