Референдум: шетелде қанша дауыс беру учаскесі ашылды

Референдум, выборы, избирательный бюллетень, бюллетень, бюллетени, избирательная урна, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2026 08:37 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 15 наурызда Арман Исетов Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте шетелде ашылған дауыс беру учаскелерінің санын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Исетовтың айтуынша, референдум кезінде 54 елде 71 дауыс беру учаскесі жұмыс істейтін болады.

Әскери-саяси жағдайдың ушығуына және қазақстандықтардың санының аздығына байланысты 11 учаске 10 елде ашылмайды: Иран, Израиль, Иордания, Катар, БАӘ (2 учаске), Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопия.

Шетелде дауыс беруге құқығы бар қазақстандықтардың жалпы саны – 14 380 адам.

Шетелдік учаскелерде дауыс беру Астана уақытымен 03:00-де Токио мен Сеул қалаларында басталды.

08:00-ге дейін 23 учаске ашылып, онда 198 адам дауыс берді.

Ең соңғы учаске – Сан-Франциско (АҚШ). Ол бүгін Астана уақытымен 19:00-де ашылып, 16 наурызда 08:00-де жабылады.

Дауыс берген азаматтар туралы ақпарат таңғы уақытқа дейін әр 2 сағат сайын, ал түстен кейін әр сағат сайын жаңартылып отырады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы алдын ала таратылды деген бюллетеньдер туралы қауесеттерге түсініктеме берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: