Шетелде өтіп жатқан референдумда қандай танымал қазақстандықтар дауыс берді – фото және видео

Шетелде өтіп жатқан референдумда қандай танымал қазақстандықтар дауыс берді – фото және видео, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2026 15:44 Сурет: Telegram/prkvrf
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі 2026 жылғы 15 наурызда шетелде ашылған сайлау учаскелері туралы жаңартылған ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәліметіне сүйенсек, сағат 14:00-ге дейін шет елдерде Қазақстанның 66 референдум учаскесі ашылып, оларға келіп дауыс бергендер саны 3248 адамды құрады.

Қазақстанның танымал дзюдошылары – 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев және әлем чемпионаттарының екі дүркін жүлдегері Әбиба Әбужақынова – Қазақстан Республикасының Чехия Республикасындағы Елшілігі жанындағы №437 референдум учаскесіне барды.

Белгілі болғандай, Нимбурк қаласында өтіп жатқан халықаралық оқу-жаттығу жиынында жүрген спортшылар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша референдумға қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіріп, ел үшін маңызды саяси оқиғаға қолдау көрсетті.

Сонымен қатар, Түркияның жан-жағынан білім алып жатқан қазақ жастары референдумға белсенді қатысуда.

Елшілікте дауыс беріп жатқан жастар еліне деген сағынышын ән-күймен жеткізіп, ерекше көңіл-күй сыйлауда.

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде Мәскеудегі сайлау учаскесінде ұзын-сонар кезекте тұрған қазақстандықтардың суреті жарияланды.

Мұнымен қоса, дипломатиялық өкілдікте Мәскеудегі учаскеде Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаевтың дауыс бергені хабарланды.

Референдум-2026 туралы барлық жаңалықтарды сілтеме бойынша оқи аласыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: