Референдумда қазақстандықтардың 51%-дан астамы дауыс берді

Референдум, выборы, избирательный бюллетень, бюллетень, бюллетени, избирательная урна, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2026 14:22 Фото: Zakon.kz
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Өтемісов 2026 жылғы 15 наурызда референдумда дауыс бергендердің саны туралы осы сағаттағы өзекті ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның мәліметіне сүйенсек, қазіргі жағдай бойынша республиканың 6 471 378 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 51,93% құрады.

Ақпаратқа көз жүгіртсек, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес өңірлерде азаматтардың келуі мынаны құрады:

  • Абай облысы 61,04%
  • Ақмола облысы 60,05%
  • Ақтөбе облысы 61,37%
  • Алматы облысы 56,13%
  • Атырау облысы 56,54%
  • Батыс Қазақстан облысы 49,97%
  • Жамбыл облысы 51,13%
  • Жетісу облысы 59,82%
  • Қарағанды облысы 57,32%
  • Қостанай облысы 56,51%
  • Қызылорда облысы 64,63%
  • Маңғыстау облысы 53,14%
  • Павлодар облысы 53,31%
  • Солтүстік Қазақстан облысы 52,37%
  • Түркістан облысы 58,03%
  • Ұлытау облысы 52,06%
  • Шығыс Қазақстан облысы 59,60%
  • Астана қаласы 40,68%
  • Алматы қаласы 21,68%
  • Шымкент қаласы 58,24%.

Референдум-2026 туралы барлық жаңалықтарды сілтеме бойынша оқи аласыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: