Қазақстанда референдум басталды: қанша сайлау учаскелері ашылғаны белгілі болды

Референдум, выборы, избирательный бюллетень, бюллетень, бюллетени, избирательная урна, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2026 07:26 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман осы уақытқа дейін ашылған дауыс беру учаскелерінің санын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның мәліметінше, өңірлерде барлық 10 388 дауыс беру учаскесі жұмысын бастап, дауыс беру процесі басталды. Аумақтық комиссиялардың шешіміне сәйкес, 92 учаскеде дауыс беру таңғы 06:00-де басталған.

Мұхтар Ерманның айтуынша, сайлаушылар тізіміне 12 461 796 азамат енгізілген.

"Азаматтардың жазбаша өтініштері негізінде учаскелік комиссиялар 17 514 дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәлігін берді. Республика бойынша барлығы 10 388 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде Қазақстанның шетелдердегі өкілдіктері жанынан 54 елде 71 учаске ашылған", – деді ол.

Айта кетейік, 15 наурыз күні Қазақстанда конституциялық реформа бойынша референдум басталды.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі референдум алдындағы үгіт-насихат кезінде анықталған заңбұзушылықтар туралы хабарлаған болатын.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы алдын ала таратылды деген бюллетеньдер туралы тараған қауесеттерге де түсініктеме берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: