Президент білім саласындағы реформалар мұғалімдерді шаршатпауы керектігін айтты

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз конференциясының пленарлық отырысында білім беру саласындағы реформаларды жүзеге асыру кезінде мұғалімдердің жағдайын ескеру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше, педагогтердің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлген жөн. Алайда қысқа мерзім ішінде бүкіл білім беру жүйесін түбегейлі өзгертуге болмайды.

"Реформаларды, өзгерістерді, әрине, жүргізу керек, бірақ ондай өзгерістер мұғалімдерді әбден шаршатып, оларды күйзеліске ұшыратпауы керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұрын білім саласында жүргізілген кейбір реформалардың кері нәтиже бергенін еске салды. Оның айтуынша, тек реформа жасау үшін аты бар, заты жоқ өзгерістерден бас тарту қажет.

Президент әрбір реформаны, әсіресе білім беру саласындағы өзгерістерді енгізбес бұрын жан-жақты сараптап, оның тиімділігіне көз жеткізу керек екенін атап өтті.

"Реформа – бастапқы сынақ, эксперимент емес, бұл – жауапты шешім мен іс-шара", – деді ол.

Осыған байланысты Үкіметке педагогикалық жоғары оқу орындарының жұмысын қайта қарау кезінде осы талаптарды ескеруді тапсырды.

Сонымен қатар ұстаздарды мектеп пен балабақшадағы жұмыстың кәсіби ерекшеліктеріне бейімдейтін бірыңғай жүйе құру ұсынысын жан-жақты қарастыруды тапсырды.

Бұл іске әдістемелік орталықтар, мектепке дейінгі, орта және қосымша білім беру ұйымдары да белсенді қатысуы тиіс.

"Осы салаға жауапты министрліктер педагогтердің жаңа буынын даярлау үшін күш жұмылдыруы керек. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, жұмыла әрекет ету қажет", – деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Президент мұғалімдерді қағазбастылық пен пайдасыз тексерістерден босатуды тапсырғаны туралы жазған болатынбыз.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді