Заң бұзушылықтар аудандық ауруханада денсаулық сақтау саласындағы заңнаманың сақталуына жүргізілген тексеру барысында анықталды.
Прокуратураның мәліметінше, Байқоңырда тұратын жүкті әйелдер жергілікті медициналық ұйымдардың бақылауында болған. Алайда бала дүниеге келгеннен кейін заңнамада көзделген дәрі қобдишалары оларға берілмеген. Бұл жиынтықтар медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында тегін ұсынылуы тиіс.
Прокурорлық қадағалау нәтижесінде заң бұзушылықтар жойылып, 600 ана мен бала қажетті жиынтықтармен қамтамасыз етілді.
Прокуратурада атап өткендей, анықталған заң бұзушылықтар азаматтардың, соның ішінде жаңа туған сәбилердің конституциялық құқықтарының бұзылуына әкеп соққан.