"Қазгидромет" Алматы мен Ақтөбе тұрғындарына ескерту жасады
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 29 тамызда Қазақстанның үш қаласының тұрғындарына ауа сапасы нашарлауы мүмкін екені ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" мәліметінше, 29 тамызда Алматы, Ақтөбе қалаларында, сондай-ақ түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия) үйлесуі.
ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада болу уақытын қысқарту ұсынылады. Әсіресе автожолдар мен басқа да ластау көздеріне жақын жерде ұзақ жүрмеу қажет.
Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға далада жүрген кезде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруге кеңес беріледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript