"Қазгидромет" Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2026 жылғы 9 тамызда Қазақстанның төрт қаласында ауаның ластануы жоғарылайтынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" мәліметінше, 9 тамызда Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желдің болмауы, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесуі.
ҚМЖ кезінде тұрғындарға ашық ауада болу уақытын қысқарту, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздеріне жақын жерде ұзақ болмау ұсынылады. Ал өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық созылмалы аурулары бар адамдар далаға шыққан кезде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript