Алматыда Абай даңғылының бір бөлігі жабылады

Фото: Zakon.kz
Абай даңғылының бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 қыркүйек сағат 06:00-ден 14 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін Саин көшесінен Б. Момышұлы көшесіне дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы жабылады.

Жұмыс мерзімі ауа райы жағдайы мен технологиялық үдеріске байланысты өзгеруі мүмкін.


"Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жол қозғалысына қатысушылардан бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Еске салайық, жол қозғалысына енгізілетін шектеулер туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карталары" сервистерінде жарияланады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді