"Қазгидромет" болжамы бойынша, дүйсенбіде Қазақстанның солтүстік, солтүстік-батыс және батыс өңірлерінің шеткі аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал солтүстікте нөсер жаңбыр құяды деп күтіледі.
Еліміздің қалған аумағында, негізінен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикамыз бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің күшеюі, түнде және таңертең кей жерлерде тұманның болуы жатқызылады.
Сондай-ақ еліміздің бірқатар өңірлерінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі:
- жоғары өрт қаупі: Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Абай және Жетісу облыстарында, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында.
- төтенше өрт қаупі: Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында, Ұлытау облысында, Қарағанды облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Алматы облысының батысында, шығысында, орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында.
Бұған дейін Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланған болатын.