Жаңғыртудан кейін аумағы 49 сотық болатын жәрмеңке аумағы толық көркейтіледі. Мұнда 112 сауда орны қарастырылған: 100 орын – ашық павильонда, 7 орын – жабық павильонда және тағы 5 орын – фудкорт аймағында.
Ашық алаңда демалыс күндері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жұмысын жалғастырады. Жабық бөлікте отандық өндірушілер өз өнімін тұрақты негізде сата алады.
Жаңғырту жұмыстары жеке инвестиция есебінен жүргізілді. Бұл ретте қолданыстағы сауда орындары жәрмеңкенің қазіргі қатысушыларына сақталады.
Жәрмеңке ашылғаннан кейін коммуналдық нарықты әкімшілендіру және ұсынылған бағаның сақталуын бақылау жұмыстарымен "Алматы" ӘКК" АҚ айналысады.
Демалыс күнгі жәрмеңке тұрғындарға өнімдерді фермерлер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден делдалсыз тікелей сатып алуға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері Алматыда осындай 300-ге жуық жәрмеңке өтті. Оларда Алматы қаласы мен Алматы облысының фермерлік және жеке шаруашылықтары өндіретін 1 000-нан астам өнім түрі ұсынылған.
Ассортиментте жаңа сойылған ет, жұмыртқа, көкөніс пен жеміс, қышқыл сүт өнімдері, шұжық өнімдері, бал және басқа да тауарлар бар. Қалалық жәрмеңкелерге апта сайын шамамен 50 мың адам келеді.