"Жаңбыр жауып, бұршақ түседі". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Сурет: pixabay
Қазақстанның бірқатар өңірінде 19 қыркүйекте дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қарағанды облысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 19 қыркүйекте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 19 қыркүйекте таңертең және күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 19 қыркүйекте күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайтыны болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с қамтиды. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 19 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте және Түркістанда 19 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 19 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 19 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 19 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 19 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Оралда 19 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда 19 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады.

Жетісу облысында шығыстан соққан желдің Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 19 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада 19 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның ірі қалалары бойынша 2026 жылғы 19-21 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды