+33°С-қа дейін ыстық, кейін жаңбыр: синоптиктер Астана, Алматы және Шымкенттегі ауа райы туралы айтты

Дождь, дожди, осадки, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2026 16:09 Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 19-21 қыркүйек аралығында Қазақстанның ірі қалаларында жаңбыр жауа ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

19 қыркүйек: көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +11...+13°С, күндіз +19...+21°С болады.

20 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +8...+10°С, күндіз +20...+22°С болады.

21 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +6...+8°С, күндіз +22...+24°С болады.

Алматы

19 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы – 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15°С, күндіз +29...+31°С болады.

20 қыркүйек: көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17°С, күндіз +29...+31°С болады.

21 қыркүйек: көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Батыстан және солтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде екпіні 13 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15°С, күндіз +25...+27°С болады.

Шымкент

19 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +16...+18°С, күндіз +31...+33°С болады.

20 қыркүйек: көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20°С, күндіз +27...+29°С болады.

21 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +15...+17°С, күндіз +29...+31°С болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: