Синоптиктер мерекелік демалыс күндері Астана, Алматы және Шымкенттегі ауа райы туралы айтты

Синоптиктер мерекелік демалыс күндері Астана, Алматы және Шымкенттегі ауа райы туралы айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2024 16:55 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Синоптиктер Zakon.kz тілшісіне алдағы мереке күндері Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты."Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, 2024 жылғы 21-23 наурыз аралығында елордада және еліміздің екі мегаполисінде тұман, жаңбыр, -14°С дейін суытып, +15°С дейін ыстық күтіледі.

Астанада:

21 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Шығыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -12-14°C, күндіз 0°C шамасында;

22 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -10-12°C, күндіз 0+2°C;

23 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -12-14°C, күндіз +2+4°C.

Алматыда:

21 наурыз – күндіз бұлтты, жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 3-8, екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +11+13°С;

22 наурыз – бұлтты, жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +8+10°С;

23 наурыз – көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауады, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +10+12°С.

Шымкентте:

21 наурыз – көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады, кейде қатты жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +13+15°С;

22 наурыз – көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +9+11°С;

23 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +13+15°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: