Синоптиктер Астана, Алматы және Шымкентте алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты

Скала Окжетпес, скала Жумбактас, Государственный национальный природный парк Бурабай, Боровое, туристы, туризм, туристические места в Казахстане, природа Казахстана, развитие туризма, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2025 17:58 Фото: wikimedia/Дмитрий Доценко
"Қазгидромет"РМК Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, 2025 жылдың 26-28 сәуірі аралығында елордада жаңбыр жауады, ал еліміздің өзге екі ірі мегаполисінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

26 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, кей тұста - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +11...+13°C, күндіз: +25...+27°C.

27 сәуір: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, күндізгі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +12...+14°C, күндіз: +22...+24°C.

28 сәуір: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, күндізгі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +12...+14°C, күндіз: +22...+24°C.

Алматы

26 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +8...+10°C, күндіз: +22...+24°C.

27 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +13...+15°C, күндіз: +27...+29°C.

28 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +15...+17°C, күндіз: +29...+31°C.

Шымкент

26 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: +13...+15°C, күндіз: +29...+31°C.

27 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, күндізгі екпіні  - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +18...+20°C, күндіз: +33...+35°C.

28 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +20...+22°C, күндіз: +34...+36°C.

Бұған дейін синоптиктер Алматыда ауа температурасы күрт көтерілетінін ескерткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: