Президент Қазақстанда "тазалықтың ұлттық стандартын" әзірлеуді ұсынды

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" қозғалысын жаңа сапалық деңгейге көтеріп, елімізде тазалықтың ұлттық стандартын әзірлеу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы "Таза Қазақстан" бастамасы жалпыұлттық сипатқа ие болғанын атап өтті. Оның айтуынша, жоба халықтың саналы таңдасына айналып, қоғамда жаңа қасиеттер мен құндылықтардың қалыптасуына ықпал етіп жатыр.

"Таза Қазақстанды" ұлт болмысына озық өзгерістер әкелген бірегей жоба деп атауға да болады", – деді Президент.

Тоқаев бұл бағыттағы жұмыстармен тоқтап қалуға болмайтынын айтты.

"Біз өркениетті ел боламыз десек, тек алға қарай жүруіміз керек. Алдымызда тұрған биік және өзекті мақсаттар мен міндеттер аз емес", – деді ол.

Президент "Таза Қазақстан" қозғалысын жаңа сапалық деңгейге көтеру қажеттігін айтып, елімізде тазалыққа қатысты бірыңғай ұлттық талап қалыптастыруды ұсынды.

"Елімізде тазалықтың ұлттық стандартын әзірлеу қажет деп ойлаймын. Бұл – уақыт талабы", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысына бөлінетін 1,7 млрд теңгенің есебі айтылды

Баланы балабақшаға қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі