Мемлекет басшысының айтуынша, орталық қала тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру үшін нақты ұсыныстар әзірлеп, елорданың келбетін жақсартуға бағытталған жобалар мен шешімдер ұсынады.
"Ең бастысы, осы мекеме жұмыс барысында азаматтардың негізді ой-пікірін, талап-тілектерін, олардың өтініштері мен жағдайларын да ескереді. Сондықтан аталған орталықтың тәжірибесін басқа аймақтарға да кеңінен тарату, дәріптеу керек", – деді Тоқаев.
Президент бұл бағыттағы жұмысты өңір әкімдері белсенді түрде жүргізуі қажет екенін атап өтті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы тұрғындар мен шетелдік қонақтарды қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырды.
"Ел азаматтары да, елімізге келген шетел азаматтары да қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті сақтап, заң талаптарына құрметпен қарауға тиіс. Сонда ғана "Таза Қазақстан" құндылықтары ұлт болмысының мызғымас қасиетіне, ажырамас бөлігіне айналады", – деді Президент.