Алматыда "Нәрестелер аллеясы" ашылды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының аумағында "Нәрестелер аллеясы" ашылды.

Игі бастама аясында осы Орталықта дүниеге келген балалардың отбасылары 80 түп алма ағашын екті. Бұл туралы қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты.

Акцияға балаларымен бірге ата-аналар, ата-әжелер қатысты. Іс-шара барысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов қатысушыларды аллеяның ашылуымен құттықтады.

"Бұл аллея – өмірдің, отбасылық бақыт пен үміттің символы. Әр ағаш сәбидің өмірге келуімен сабақтасып, әр отбасының тарихындағы ерекше сәтті бейнелейді. Алма ағаштары тамырын тереңге жайып, жайқалып өссін. Олармен бірге балаларымыз да өсіп, дені сау, бақытты болып ержетсін", – деді Марат Пашимов.

Ол заманауи медицина – технология мен жоғары дәлдіктегі медициналық көмек қана емес, ең алдымен әр баланың өмірі мен денсаулығына деген қамқорлық екенін атап өтті.

2022-2025 жылдары Орталықта 33 мыңнан астам сәби дүниеге келді, 1,6 мыңнан астам жаңа туған нәрестеге жансақтау және қарқынды терапия бөлімдерінде медициналық көмек көрсетілді.

Отбасылармен бірге егілген 80 алма ағашы Орталық аумағындағы жаңа "Нәрестелер аллеясының" негізін қалады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады