Тінту барысында қонақ үй бөлмесінен ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған полимерлі пакет және өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.
Ер адаммен бірге, алдын ала мәлімет бойынша интимдік қызмет көрсететін әйел болған.
Ұсталған азамат тәркіленген заттардың мефедрон және "мак" екенін, оларды жеке қолдану үшін сатып алғанын көрсетті.
Тәркіленген заттардың нақты құрамы мен мөлшері анықталып жатыр.
Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.