Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, тараптар Қазақстан-Ресей екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, жоғары және аса жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, сондай-ақ екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
"Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, Қазақстан мен Ресейдің көпжақты форматтар шеңберіндегі өзара іс-қимылына ерекше назар аударды", – делінген хабарламада.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік расталды.