Жетісу облысында өрттен үш бала қаза тапты

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 25 қыркүйекте Жетісу облысы Ескелді ауданы Бақтыбай ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шығып, үш бала қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Qaz365.kz мәліметінше, үй барақ үлгісінде салынған және төрт отбасыға арналған. Өрт тұрғын үйдің бір пәтерін шарпыған. Сол кезде оның ішінде кішкентай балалар болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт 70 шаршы метр аумақты қамтыған. Өрт туралы хабарлама сағат 07:34-те түсіп, 08:17-де оқшауланған.

Өртті сөндіру кезінде Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жанып жатқан үйден үш баланың денесін алып шыққан. Қаза тапқан балалардың жасы — 1, 6 және 8 жаста.

Өртті сөндіруге ТЖД-ның 16 қызметкері мен бес техникасы жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы