Қорғаныс министрлігі Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін тексеріледі – Тоқаев өкімге қол қойды

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 2026 жылғы 26 қыркүйекте, "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия туралы" өкімге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжаттың мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.

"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне, оның ішінде әскери құрылымдарды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы жағдайға кешенді тексеру жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия құрылсын", – делінген құжатта.

Комиссия құрамына:

Аида Балаева – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары, Комиссия төрағасы;

Әлихан Смайылов – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары;

Ержан Жиенбаев – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары;

Жанат Элиманов – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;

Мұрат Баймұқашев – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы;

Мәди Тәкиев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Жандос Өмірәлиев – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары;

Әли Алтынбаев – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары;

Азамат Әмрин – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі кірді.

"Комиссия жүргізілген жұмыстың алғашқы нәтижелері туралы жеті күн ішінде баяндасын", – делінген Президент қол қойған құжатта.

Өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Зеленский Ресей-Украина қақтығысын тоқтатудың басты себебін атады

Алматы жасөспірімдері қандай кітап оқиды – сұхбат

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы – толық мәтін