Жастар мүсіндік композицияны, сондай-ақ оған іргелес аумақтағы жеті қоқыс жәшігін бүлдірген.
Полиция елорданың екі тұрғынын анықтап, ұстады. Олардың бірі – кәмелетке толмаған. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.
Полиция мұндай әрекеттерге қатаң тосқауыл қойылатынын атап өтті. Мұндай фактілердің ешқайсысы құқықтық бағасыз қалмайды, ал кінәлілер заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.