"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Сурет: magnific
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылғы 28 қыркүйекке арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүйсенбіде, "Қазгидромет" болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжанады.

Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа жел екпінінің күшеюі жатқызылады, күндіз оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, ал түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе және Қостанай облыстарының солтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Абай облысының батысы мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны 2,3 градус сықты көрсетеді, үсік жүреді деп болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде де топырақ беті қатып, 2 градус суық болады, үсік жүреді деп күтіледі.

Сондай-ақ еліміздің бірқатар өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі:

Бұған дейін синоптиктер бүгін, 27 қыркүйекте еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескерткен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қорғаныс министрі жаңадан тағайындалды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын тағайындады

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер наградталды