Lada.kz. басылымының 2026 жылғы 27 қыркүйектегі мәліметі бойынша, "Долинное-7" және "Долинное-112" ұңғымаларында шығару желілерін парафин шөгінділерінен тазарту жұмыстары жүргізілген.
Алайда ұсынылған құжаттарға қарамастан, сұйықтықты жинауға арналған арнайы ыдыс болмаған. Соның салдарынан тазартылмаған ағын су тікелей топыраққа төгілген.
"ҚР Экологиялық кодексінің 106, 213 және 216-баптарына сәйкес, тазартылмаған ағын суды жер бетіне төгуге қатаң тыйым салынған. Ал операторлар экологиялық рұқсат талаптарын мүлтіксіз сақтауға міндетті", – делінген хабарламада.
Заң талаптарын сақтамағаны үшін "Емир Ойл" ЖШС-не 1200 АЕК (5,2 млн теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Компания айыппұлды бір апта ішінде төлеп, 50 пайыздық жеңілдікке ие болған. Осылайша, "Емир Ойл" ЖШС мемлекет кірісіне 2 595 000 теңге аударды.