Алматыда ағаштардың түбіне бетон құйылғаны туралы дау: әкімдік жауап берді

Сурет: Threads/abv_novosti
Алматыдағы Құрманғазы көшесінде абаттандыру жұмыстары кезінде ағаштарға тақап жатқан аумаққа бетон құйылғаны қала тұрғындарының наразылығын тудырды. Жағдайға әкімдік түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде Абылай хан даңғылында түсірілген видео жарияланды. Видео авторының айтуынша, Құрманғазы мен Панфилов көшелерінің арасындағы ағаштардың түбіне бетон құйылып, тамырлары кесілген. Кейін бетонның бір бөлігі тазартылғанымен, ағаштарға зақым келгенін айтады.

Қала тұрғындары құрылысшылардың әрекетіне наразылық білдірді. Кейбірі ағаштармен бірге арық та бетондалғанын жазды. Алайда ол жерде арық болмағаны нақтыланды.

Алматы әкімдігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Қазіргі уақытта Құрманғазы көшесінде аумақты абаттандыру және гастрокөше ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл учаскеде еңіс болғандықтан, тіреу қабырғасын орнатып, жасыл аймақтың деңгейін көтеру жұмыстары атқарылуда. Құрылыс аяқталған соң жасыл аймақ толық абаттандырылып, жаңа бұталар отырғызылады және аумақ қалпына келтіріледі. Желіде тараған видеода көрсетілген нысан – шамамен екі жыл бұрын кесілген ағаштың діңгегі. Қазіргі жұмыстар барысында тірі көпжылдық ағаштар мен өсімдіктерге зақым келтірілген жоқ", – деп түсіндірді әкімдік.

Әкімдіктің мәліметінше, құрылыс жұмыстарын жүргізу ережелерін бұзғаны және іргелес аумаққа тиісінше қарамағаны үшін мердігер ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Компанияға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынған.

"Абаттандыру барысы, сондай-ақ мердігерлердің жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау талаптарын қатаң сақтауы тұрақты бақылауда", – деп сендірді әкімдік.

Бұған дейін Алматыда Студенттер сарайы ғимаратының бір бөлігінің түнде құлауы қоғамда қызу талқыланған еді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері ғимарат шатыры жоспарлы түрде бөлшектелгенін мәлімдеді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін