Құжатқа сәйкес, бұл аумаққа көлік құралдарының кіруіне шектеу қойылады. Электромобильдерге, арнайы техникаға, коммуналдық, жедел және төтенше жағдайлар қызметтерінің көліктеріне, сондай-ақ осы аумақта тұратын азаматтарға тиесілі көліктерге рұқсат беріледі.
"Шымбұлақ шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аумағына электр қозғалтқышымен жүретін көліктерді (электромобильдерді), арнайы техниканы, коммуналдық, жедел және төтенше жағдайлар қызметтерінің көліктерін, сондай-ақ осы аумақта тұратын жеке тұлғаларға тиесілі көліктерді қоспағанда, көлік құралдарының кіруі шектелсін", – делінген шешімде.
Алайда демалыс және мереке күндері бұл шектеу электромобильдерге де қолданылады. Яғни аталған күндері олардың да Шымбұлақ шатқалына кіруіне тыйым салынады.
Шешім 2026 жылғы 28 қыркүйектен бастап күшіне енді.
Бұған дейін шектеу ерекше қорғалатын табиғи аумаққа түсетін көлік және антропогендік жүктемені азайту үшін енгізілетіні хабарланған еді.