Алматыда жыл басынан бері 52 нысан бұзылды

Сурет: Алматы әкімдігі
Алматыда заңсыз құрылыс нысандарына бақылау күшейтілді. Әсіресе, нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй салуға арналмаған, оның ішінде бағбандық немесе жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге берілген жер телімдеріндегі құрылысқа ерекше назар аударылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құрылыс жұмыстары басталған сәттен бастап нысан пайдалануға берілгенге дейінгі барлық кезең бақылауда болады.

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері Алматыда заңсыз салынған 52 нысан толық немесе ішінара бұзылған.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, 2026 жылы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексінің күшіне енуіне байланысты мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалау тетіктері де өзгерді.

Бұған дейін жеке тұрғын үй құрылысына жеңілдетілген тәртіп қолданылып, мұндай нысандар басқа құрылыс нысандары секілді толық бақылаумен қамтылмайтын. Жаңа заңнама бұл талаптарды өзгертті. Енді рұқсат беру рәсімдеріне, құрылыс алдындағы және жобалық дайындыққа қойылатын талаптар жаңартылды.

Қалада нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысын қарастырмайтын жер телімдерінде тұрғын үй салу фактілері кездеседі.

"Жер телімінің болуы онда кез келген мақсаттағы немесе кез келген параметрдегі нысанды салуға автоматты түрде құқық бермейді. Құрылыс жер телімінің нысаналы мақсатына, қала құрылысы регламенттеріне және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес болуға тиіс", – деді Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін