Ұлытау облысы Сарысу ауылында жаңа әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді

Сурет: akorda.kz
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Сарысу ауылында бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың пайдалануға берілуіне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елді мекеннің инфрақұрылымын дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытында соңғы жылдары бірқатар ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды.

2023–2026 жылдарға жоспарланған жұмыстар аясында ауылға кіреберіс 21 270 метр жолдың құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, ауыл әкімдігі ғимаратының аумағына 250 метр қоршау орнатылды.

Ауылдың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында кіреберістегі талдарға 100 метр 3D қоршау жасалып, сондай-ақ биіктігі 3 метр, ұзындығы 200 метр қоршау орнатылды.

Іс-шара барысында жаңадан салынған ашық футбол алаңы мен ветеринариялық станцияның салтанатты ашылуы өтті.

Жаңа футбол алаңы ауыл балалары мен жастарының спортпен шұғылдануына, бұқаралық спортты дамытуға және бос уақыттарын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

Ал ветеринариялық станцияның іске қосылуы мал шаруашылығымен айналысатын ауыл тұрғындары үшін маңызды нысан болып отыр. Мұнда ветеринариялық қызметтердің сапасын арттыруға, малдың денсаулығын сақтауға және ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қажетті жағдай жасалады.

Сонымен қатар, Сарысу ауылының инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасын табады.

2026–2027 жылдарға арналған жоспарға сәйкес, Тұржанбаев және Сейфуллин көшелеріне асфальт төсеу, сондай-ақ Сәтбаев және Тіккөзов көшелеріне жаяу жүргіншілерге арналған тротуар салу көзделіп отыр.

Аталған жұмыстардың барлығы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, елді мекеннің көркеюіне және әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Жаңа нысандардың ашылу салтанатында ауылды дамытуға үлес қосқан азаматтарға, мердігер ұйымдарға, ауыл әкімдігі мен белсенді тұрғындарға алғыс білдірілді.

Сарысу ауылындағы жаңа нысандар ел игілігіне қызмет етіп, елді мекеннің одан әрі өркендеуіне жаңа серпін берсін!

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін